Талдықорғанда қонақ үй әкімшілігі жезөкшелікке жағдай жасады деген күдікке ілінді


ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат — Талдықорғанда тәртіп сақшылар жергілікті қонақ үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысқан және оларға жағдай жасаған топты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған қонақ үйде ақшалай пұл үшін қонақтарға «ерекше» қызмет көрсететін 20-38 жас аралығындағы он азаматша ұсталды. Интимдік қызмет ұсынған азаматшалар жезөкшелікпен айналысты деген күдікпен полицияға жеткізіліп, профилактикалық есепке алынды.

«Қонақ үйдің төрт әкімші қызметкері жезөкшелер ордасын ұстады және жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Күдіктілердің бірі қамаққа алынды, ал басқалары «мекенжайын өзгертпеу туралы» міндеттемемен жіберілді. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деп мәлімдеді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Заң талаптарын өрескел бұзған қонақ үйдің қызметі уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта қонақ үйдің иесін де жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/taldykorganda-konak-uy-akimshiligi-zhezokshelikke-zhagday-zhasady-degen-kudikke-ilindi_a3499528”